466 борышкерден айыппұл өндірілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс полицейлері айыппұлын өтемеген 466 борышкерді анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО-да жүргізушілердің тәртібін арттыру мақсатында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп, полицияның заманауи техникалық арсеналы кең қолданыс тапты.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Мегакам.Қорғау» арқылы жолдарда 40-қа жуық борышкерді анықтады. Бұл құрылғылардың көмегімен екі күннің ішінде қарызы бар 88 азамат табылды.

– Құқық бұзушылар 40 күннің ішінде айыппұлдарын өтемесе, жинақталған материалдар жеке сот орындаушыларына жіберіледі. Борышкердің көлігі айыппұл төленгенге дейін арнайы автотұраққа қойылуы да мүмкін. СҚО-да қызметкерлеріміз шара шеңберінде 466 жол ережесін бұзушыдан айыппұлдарын өндірді, -дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz