Басты міндет – мал шаруашылығын дамыту

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 97,6 млрд. теңгені құрады. Дәнді дақылдардың гектар берекелігі 10,8 центнер болса, майлы дақылдар 6,2 центрнерден айналды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аудан әкімі Руслан Аңбаевтың мәліметінше, биыл жерге 29 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыш сіңірілді. Нәтижесінде ауа райының қолайсыздығына қарамастан астық уақытында бастырылды. Ал мал шаруашылығын дамыту мақсатында 2 тауарлы-сүт фермасы тұрғызылуда.

– Бүгіндері «УК Әділ» серіктестігі 400 басқа арналған ферманың құрылысын бастады. Симментал тұқымдас ірі қараның 309 басы жеткізілді. «Буденное-СК» серіктестігі 1200 малға арналған тауарлы-сүт фермасын тұрғызып жатыр. Мұндай жұмысты «Нежинка Ерке» және «АЗКО» ЖШС-лары да жүзеге асырмақ. Келер жылы «Адани-Агро» ЖШС сүтті бағыттағы 3 ферма салмақшы, — дейді Руслан Аңбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz