Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында салтанатты шара өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жемқорлық мәселесі адамзатты алғашқы мемлекеттер пайда болғаннан бастап алаңдатып келеді. Жарты әлемге әмір жүргізген талай ірі империяның түбіне осы індет жеткені тарихтан мәлім. Осы түйткілге назар аударған әлемдік қауымдастық 2004 жылдан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін бекітті. 9 желтоқсан күні атап өтілетін айтулы күнге орай облыс орталығында алқалы жиын өтіп, жиналғандарды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады.

— Сыбайлас жемқорлық –  қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан да Мемлекет басшысы бұл мәселеге ерекше назар аударып отыр. Мемлекеттік органдар, БАҚ және белсенді жастар бірігіп қана осы індеттің тамырына балта шаба алады.  Жергілікті билік пен бейінді агенттік заңсыздыққа жол бермеу үшін тиісті жұмыстар атқаруда. Адами факторды алмастыратын автоматтандыру үрдісі де жемқорлыққа тосқауыл бола алады. Бүгінде елімізде цифрландыруға баса мән берілуде. Жемқорлық кез келген адам күресуі керек,- деді облыс әкімі.

Өңір басшысының құттықтауынан  кейін мемлекеттің жемқорлыққа қарсы күрес саясатын жүргізгені үшін және атаулы күн аясында бірқатар азаматтарға марапаттар табысталды.

Өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарды БАҚ бетінде насихаттағаны үшін өңірлік, республикалық газеттер, телеарна, интернет басылымдарының  қызметкерлері  де марапатталды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz