Аудандық білім бөлімінің экс-басшысына тағылған айып

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында аудандық білім бөлімін бұрынғы басшысы пара берді деген күдікке ілінді. Сондай-ақ ол жеті мектепте орындалмаған жұмысты қабылдап, бюджетке 7 млн теңге сомасында шығын келтірді деп айыпталып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы Сергей Перовтың айтуынша, ел бойынша орта және мектепке дейінгі білім беру саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау аяқталды.

Білім беру сапасын жақсартуға бағытталған шараларға қарамастан, соңғы жылдары бұл сала сыбайлас жемқорлық бойынша алдыңғы үштікке кіреді. Мәселен, республика бойынша үш жүзден астам қылмыстық құқық бұзушылық жасалса, 143 адам сотталды.

— СҚО-ға келер болсақ. Қазір сотта аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшысы С.Рамазанованың ісі қаралып жатыр. Ол мәселені мемлекеттік аудит қызметкерлеріне 650 мың теңге пара беріп шешпек болған. Бұл соманы шенеунік қалтасынан шығармай, мемлекеттік бюджеттен ұрлаған. Сонымен қатар ол жеке кәсіпкермен сөз байласып, осы ауданның жеті мектебінде өрт дабылын жөндеу бойынша орындалмаған жұмысты қабылдап, 7 млн теңге көлемінде бюджетке шығын келтірді, — дейді Сергей Перов.

Рамазанованың кінәсін сот анықтап жатыр.

— Биыл білім беру саласына 138,8 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде еңбекақы төлеу қоры – 112,6 млрд теңге. Тексеріс барысында сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын жүйелі мәселелер анықталды. Еңбекақыны, түрлі қосымша ақыларды заңсыз есептеу, сондай-ақ нақты орындалмаған жұмыстарды төлеу сияқты бюджет қаражатын ұрлау схемалары ашылды, — дейді департамент басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz