Смирново ауылындағы жарылыс бір адамның өмірін қиды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Аққайың ауданының орталығы Смирново ауылында екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды. Төтенше жағдайдың салдарынан бір қызы бала қаза тапса, 2001 жылы туған жас жігіт ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Оқыс оқиға Смироново ауылындағы Титов, 11 мекенжайы бойынша орналасқан екі қабатты тұрғын үйде орын алды.  Пәтерлердің бірінде газ баллоны жарылып, қызыл жалын 60 шаршы метрді аумақты қамтыды. Өрт 12 жастағы қыздың өмірін қиып, 22 жастағы азамат зардап шекті. Төтенше жағдай орнына келген өртсөндірушілер 9 адамды эвакуациялады.

—  Оқиға жайлы хабар «101» қызметіне бүгін сағат 14:50-де келіп түсті. Өрт сағат 17:03 ауыздықталды. Отты өшіруге 15 құтқарушы мен 4 техника жұмылдырылды, — делінген СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінде.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, алдымен 2001 жылы туған жігіт Аққайың аудандық ауруханаға жеткізілді. Кейін жапа шеккен ер адамның жағайы аса ауыр болғандықтан оны Петропавлдағы көпбейінде жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызу туралы шешім қабылданды.

— Жас жігіттің басын, арқасын, екі жамбасы мен аяғын күйік шалды. Денесінің 60 пайызы жарақаттанды. Санавиациямен Аққайың ауданына травматолог-комбустиолог және анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер келді. Олар науқастың жағдайы тұрақталғаннан соң қаладағы ауруханаға жеткізу туралы шешім қабылдады, – дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Сайлауқызы.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz