Мал ұрысын ұстады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да полицейлер мал ұрлығын ашты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Қарашаның 24-і күні Жамбыл ауданының полиция бөліміне Баян ауылында жасалған мал ұрлығы фактісі туралы арыз келіп түсті. Түнде белгісіз қылмыскер аулалардың біріндегі қораға кіріп, 4 қойды қолды еткен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, полицейлер шананың ізін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Архангелка ауылының 35 жастағы тұрғынының қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін екенін білді. Ұрланған қойлар орманнан табылды. Сол жерде үй маңындағы ізі қалған шана да табылды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Баптың санкциясына сәйкес күдікті 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жануарлар заңды иесіне қайтарылды.

Полицейлер еркін жайылым үшін жауапкершілік енгізу нәтижесінде мал ұрыларының мүмкіншіліктері азайғанын айтады. Бұдан бөлек, осы қылмыс түрінің жасалуына жағдай жасайтын себептерді жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ 7-10 желтоқсан аралығында Солтүстік Қазақстан облысында “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

– Жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторларынан құралған мобильдік топтар құрылды. Рейдтік іс-шараларға ветеринария қызметкерлері де жұмылдырылуда. Іс-шараның бірінші күнінде мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын 84 автокөлік, мал мен ет сататын 29 орын тексерілді. Бұдан бөлек, шаруа қожалықтары, фермалар мен даладағы мал қамау орындары да назарда. Бұл жерлерде 92 тексеріс өткізілді. Есіл ауданында бұрын жасалған 2 бас қой ұрлығы ашылды, ветеринария саласындағы 8 құқық бұзушылық, еркін жайылымның 32 фактісі және тіркелмеген қаруды сақтаудың 1 фактісі анықталды, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz