Есірткі жасырумен айналысқандар ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткілерді таратты деген күдікпен Петропавл қаласының екі тұрғынын ұстады. Қос құрбы  «Toyota RAV 4» автокөлігімен Жұмысшы кентіне  бара жатқан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Қыздардың бірі – 33 жастағы қала тұрғыны. Ол заңсыз жолмен ақша табудың соңы немен аяқталатынын жақсы біледі. Өйткені 2022 жылдың қыркүйек айында оның жұбайы  осындай қылмыс жасағаны үшін сотталып, қазір бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр.

Қыздарды және олардың тұрғылықты мекенжайларын тінту кезінде 700 грамнан астам ұнтақ тәрізді және кесектелген зат тәркіленді. Сараптама нәтижесі мұның «тұз» деген атаумен белгілі α-PvP синтетикалық есірткісі екенін көрсетті. Қазіргі уақытта 33 жастағы қала тұрғыны қамауға алынды, тергеу жүріп жатыр. Келіп түскен ақпаратқа сәйкес күдіктілер бұл іспен  4 айға жақын уақыт айналысқан.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz