Қазақстан Палестинаға бөлген гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Мысырға барып қонды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Гуманитарлық жүк Палестина халқына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жіберілді. Жүк ұшағына мемлекеттің материалдық қорынан азық-түлік, көрпе-жастық, сондай-ақ «СК-Фармация» ЖШС-нан дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар тиелді.
Керек-жарақ тізімінде 14 түрлі бұйым бар. Олардың жалпы салмағы 38 тонна. Жүкті ҚР ТЖМ әскери күш-құрылымдары тиеді.
Гуманитарлық көмек «Қызыл жарты ай» қоғамдық ұйымының өкілдеріне табысталады.