СҚО полицейлері түрік азаматына көмектесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Түркия мемлекетінің азаматы жол бойында көмек көрсеткен облыс тұрғындары мен полицейлерге алғыс білдіріп, жылы лебізін жеткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Новоишим ауылын патрульдеу барысында Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық ПБ қызметкері Гаражная көшесіндегі теміржол өткелінің жанында «Mercedes» маркалы фураның тоқтап тұрғанын көрген. Оның жүргізушісі Түркия азаматы еді. Ол Қостанай қаласынан элеваторға арналған жабдықты тасымалдаумен айналысқан, содан кейін отанына оралуды жоспарлаған.

Аудандық ПБ қызметкерлері қауіпті учаскеде жол қозғалысын реттеуді ұйымдастырып, «Астық – Петропавл» ЖШС-нен көмек сұрады. Оның директоры Георгий Барамидзе жүк көлігін қауіпсіз жерге эвакуациялау техникасын ұсынды. Алайда жүк көлігін орнынан жылжыту бірден мүмкін болмады. Қуанышқа орай, Новоишим ауылының тұрғыны Виталий Романович ақауды жөндеуге көмектесті. Осыдан кейін «Mercedes» жол өткелінен алынды.
Келесі күні Қостанайдан қажетті қосалқы бөлшектер келді. Жөндеу аяқталғаннан кейін жүргізуші жол жүруін жалғастырды.

– Көп рақмет, мұндай полиция барлық жерде болса ғой, бізді жолда көмексіз қалдырмады, – деген шетелдік азаматтың сөзін Оксана Третьякова аударып берді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz