СҚО спортшылары ел кубогында жүлдегерлер қатарынан көрінді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Щучинск қаласында гір көтеруден ел кубогы үшін жарыс өтті. Республикалық турнирде өңір намысын 42 спортшы қорғады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жарысқа еліміздің облыстарынан 13 команда қатысты. Жекелей сында ұзақ циклді жаттығулар санатында 63 килограмм салмақ дәрежесінде Илья Ротов екінші орынға қол жеткізсе, Иван Лысенко қола жүлдегер атанды. Ал 68 килограмда Олег Оксқа тең келер ешкім болмады. Сондай-ақ 95 килограмда Виталий Диденко ұзақ циклдағы серіппе, жұлқа жаттығуларында үш алтын медальді еншіледі. Бұл салмақта Алексей Горбаченко да бірінші орынды жеңіп алды.

Гірді серіппе көтеруде 73 килограмм санатындағылар қатарында Артем Головин чемпион болды. Арман Бекпасов болса, 95 килограмнан жоғары салмақта үшінші сатыға жайғасты.

Жұлқа жаттығуында 63 килограмда Илья Ротов пен 68 килограмда Назар Коваленко үздік үштікті қортыныдылады. 73 килограмға дейінгі салмақта Захар Коваленко чемпион атанып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.  78 килограмда Михаил Вологодский жеңімпаз атанды. 95 килограмнан жоғары спортшылар арасында Григорий Устинов үшінші орынға қол жеткізді.

Әйелдер арасында серіппе жаттығуында 58 килограмда Елена Костенко екінші орынды еншілесе, жұлқи көтеруде чемпион атанды. Ал Анастасия Бесседина үшінші сатыға жайғасты. Мария Головина 63 килограмда жұлқа көтеруде жеңімпаз, жұлқада ел біріншілігінің рекордын жаңартты. Ол 16 келілік гірді 116 рет көтерді. Любовь Синько қола жүлдегер атанды. 68 килограмда Сабина Шпеттер күміс медальді қоржынына салды. Марина Евич жұлқа жаттығуында екінші орынды қанағат тұтты.

Әуесқойлар арасында да жүлдегерлер бар. 63 килограмда Данил Корольков чемпион атанса, Ерік Әлібаев 78 килограмда жеңіске қол жеткізді. 85 килограмда Александр Усенов алтын және 95 килограмға дейін салмақта Александр Супрунюк қола медальдарды қанэығаларына байлады.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте СҚО командасы екінші орынға табан тіреп, Қостанай спортшылары жеңімпаз атанды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz