Жылу желілерінің 70 пайызы ескірген

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Петропавл жылу желілері» ЖШС-не тиесілі жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 229,3 км. Оның 70 пайыздан астамы ескірген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл 8,3 км желіге күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді. 51 станцияда сорғы жабдығы жөнделді. Жағдайды жақсарту үшін биыл ТМ-5 және ТМ-15 екі жылу магистралінің құрылысы бойынша жоба қолға алынды. Бұл көппәтерлі үйлерді және қаланың солтүстік бөлігіндегі  жеке секторды орталықтандырылған жылуға қосуға мүмкіндік береді. Оған «Орман», «Борки», Әскери академияның салынып жатқан  ғимараты және жаңа кәсіпкерлік субъектілері кіреді. Жылу магистральдарының жалпы ұзындығы шамамен 6 шақырымды құрайды.

– Бұдан басқа «Береке» шағынауданында 158 метр жылу желісі ауыстырылды. Ол салынып жатқан жаңа өрт сөндіру депосын жылуға қосуға және қолданыстағы көпқабатты үйлерді жылумен жабдықтау параметрлерін жақсартуға мүмкіндік берді, – дейді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.

Тозығы жеткен жылу желілерін бірден жаңарту мүмкін емес, бір жылда шешілмейтін мәселе екенін алға тартты қала әкімі.  Дегенмен қордаланған мәселені жүйелі шешу  қалалық әкімдік «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС-мен бірлесіп,  жылу желілерін күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 2024-2029 жылдарға арналған Жол картасын әзірлеген көрінеді.  Кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын  баяғдарлама аясында   желілердің тозуын 15 пайызға азайту көзделген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz