Петропавлдағы жатақханалардың бірінде тұратын әйел бөлмесінде есірткі сатып, онда қолдануға рұқсат берген. Келішектің қызы төртінші сыныпта оқитыны белгілі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Полицияға бұл жағдай туралы жандары ашыған жатақхана тұрғындары хабарлады. СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ақпаратты тексеріп, 47 жастағы қала тұрғыны «тұз» деген атаумен белгілі «α-PvP» есірткісінің төрт түйіншегімен ұсталды.
– Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді, — деп атап өтті СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.
Баптың санкциясы 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Күдікті күзетпен қамауға алынды. Қыз бала әжесіне берілді. Ол жақын арада қамқорлық ресімдеуді жоспарлап отыр. 11 айдың ішінде облыста есірткі өткізудің 104 фактісі тіркелгенін атап өткен жөн.