Шал ақын ауданында соңғы екі жылдың 245 километр жол жөнделіп, оның 158-іне асфальт төселген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Биыл Сергеевка мен Николевка ауылын жалғайтын жолды жөндеу басталды. Сонымен қатар ауылішілік жолдарды жөндеу бойынша 7 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінге дейін Жаңажол, Бірлік, Қаратал, Арай, Ыбыраев ауылдарының көшелері жөнделген.
— Биыл Сергеевка қаласының көшелерін жөндеуге 1,8 млрд. теңге бөлінсе, келер жылы тағы 1 миллиардтан астам қаржы қарастырылмақ. Осылайша аудан орталығындағы көшелердің 70 пайызы қалыпқа келтірілмек. Келер жылға Афанасьевка, Городецкое, Крещенка, Куприяновка, Жалтыр, Ступинка мен Кеңес ауылдарының көшелерін жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленген. «Кривощёково-Афанасьевка-Садовка» бағытындағы астожолды, Арай ауылынан Соколов көпіріне дейінгі аралықты асфальттау бойынша жобалар қолдау тауып, мердігерлер анықталған, — дейді Шал ақын ауданының әкімі Рахат Смағұлов.