Облыста қызылша жұқтырудың 136 дерегі тіркелсе, оның 122-сі қала тұрғындарынан анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қызылша жұқтырғандардың басым бөлігі Петропавл қаласының тұрғындары. 4 жағдай Мағжан Жұмабаев ауданынан анықталса, 3 факті Айыртау және Қызылжар аудандарында, 2 дерек Мамлют және бір-бір фактіден Аққайың мен Жамбыл аудандарында орын алды.
– Қызылша – ауа тамшылары арқылы берілетін қауіпті инфекциялық ауру. Оны алдын-алудың бірден-бір жолы – вакцинация. Статистика деректірені сүйенсек, қызылшаны жұқтырғандардың дені екпе алмағандар болып табылады, — дейді СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары.