Шал ауданына қарасты Семиполка ауылындағы тұрғын үй өртке оранып, бір адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өрт жайлы хабар «101» пультіне сағат 04:50 түсті. Оқиға орнына Семиполка ауылынан 40 шақырым жерде орналасқан өрт сөндіру бекетінің жасағы жіберілді.
– Құтқарушылар келгенше үй толығымен жанып кеткен. Қызыл жалын сағат таңғы 09:30-да ауыздықталды. Үйінділер астында қалған баспананың иесі табылды. Көршілер ер азаматпен бірге келіншек тұрғанын айтуда. Әзірге әйелдің мүрдесі табылған жоқ, – дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.