Аялдаманың шынысын сындырған жасөспірімнің анасына айыппұл салынды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда аялдаманың шынысын сындырған 14 жастағы жасөспірімнің анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдағы Жамбыл көшесінде орналасқан аялдама павильонының шынысын сындырған 14 жастағы ұлының бұзақылығы үшін анасы жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімнің айтуынша, досы екеуінің арасында туындаған келіспеушілік салдарынан ол ашуын аялдамадан алған.

Шағын сәулет нысандарын, аялдамаларды және қаланың басқа да инфрақұрылымын бүлдіретін бұзақылар көбінесе осыны сылтау етеді. Жас құқық бұзушы жылдам анықталып, анасымен бірге учаскелік полиция пунктіне шақыртылды.

– Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабымен көзделген құқық бұзушылықты жасөспірім алғаш рет жасады. Сондай-ақ жасөспірім түнгі уақытта үйден тыс жерде жүргені үшін оның анасына қатысты материал жиналып, ескерту жасалды. Ал осы кодекстің 435-бабымен көзделген құқық бұзушылықты, яғни кәмелетке толмаған баланың бұзақылық жасағаны үшін анасы қысқартылған іс жүргізу бойынша жеті тәулік ішінде 12075 теңге көлеміндегі айыппұл төлейтін болды. Келтірілген шығын үшін материалдық жауапкершілік мәселесі азаматтық-құқықтық қатынастар тәртібінде шешілетін болады, – дейді Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Он бір айдың ішінде Петропавлда ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы (Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) бойынша 31 факті тіркелді. Полицейлер кәмелетке толмағандардың вандализм жасағаны үшін әкімшілік заңнамамен 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделгенін алға тартады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz