Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында «Құлагер» клубы сырт алаңда «Сарыарқа» командасымен кездесті. Қос ойында да жерлестеріміз жеңіске жетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Құлагер» мен «Сарыарқа» командалары арасындағы бірінші кездесуде солтүстікқазақстандық клуб бір нәтижелі соққының арқасында қарсыласынан басым түсті. Жалғыз шайбаның авторы Андрей Рывацкий атанды.
Қарымта ойында жерлестеріміз қарсылас қақпасына 4 шайбаны дарытса, мұз айдынының иелері 2 нәтижелі соққымен жауап қайтарды. Бірінші кезеңде солтүстікқазақстандық сапында Денис Сергушкин, Виталий Шульга мен Александр Своеволин көзге түсті.
Матчтың екінші бөлімінде құлагерліктер тағы бір шайбаны қақпаға дарытты. Осы жолы Никита Потапов өз мүмкіндігін тиімді пайдаланды. Кейін үшінші кезеңде қарағандылықтар сапында Егор Кузьменко мен Глеб Зайцевтер есеп айырмасын қысқартты. Ойын 2:4 есебімен аяқталып, жеңіс «Құлагер» клубына бұйырды.