Бассейінді жөндеу жұмыстары сылбырт жүргізілуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы «Дельфин» олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдерге мамандандырылған спорт мектебінің жүзу бассейінін жөндеу жұмыстары кешеуілдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мердігер «Техноком» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бассейінді жөндеуді шілдең айының соңында бастады. Жұмыстар 3 айға созылып, қазанның 25-сі күні аяқталуға тиіс болатын.

– «Дельфин» спорт мектебінің бассейінін жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін аяқталмай отыр. Мердігер тиісті нысанды желтоқсанның 1-і күні тапсыратынын айтты. Алайда әлі күнге дейін шаруа бітер емес. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері бассейінді көріп, екі ауысымда жұмыс режимін енгізу қажеттігі туралы кеңес берді. Кейін жұмысшылар саны 3-тен 11 адамға дейін көбейтілді,– дейді «Amanat» партиясы СҚОФ-тың баспасөз қызметі.

Бүгінде мердігер бассейіннің жөндеу жұмыстарын желтоқсанның 15-сі күні аяқтауды жоспарлап отыр. Десе де нысан бұл мерзімде берілетіні белгісіз. Әзірге «Дельфин» спорт мектебінің тәрбиеленушілері жаттығуларын М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың бассейінінде өткізуге мәжбүр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz