Елімізде желтоқсанның 16-сы күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аталып өтіледі. Осыған орай, мереке күні халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік мереке күні (сенбі) ХҚКО жұмыс істемесе, желтоқсанның 18-і (дүйсенбі) қаладағы ХҚКО және мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы өз қызметін тұрғындарға көрсетеді.
– Петропавл қаласында кезекші ХҚКО – Әуезов көшесі,157-үй мекенжайы бойынша орналасқан №1 ХҚКО-ның жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін белгіленген. Ал Нефтепроводная көшесі, 7-үй мекенжайы бойынша орналасқан МҚКО мемлекеттік қызметтер бойынша өтінімдер сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылданады. Құжаттарды беру уақыты – 09.00-ден 14.00-ге дейін. 19 желтоқсаннан бастап келушілер мемлекеттік қызметтерді әдеттегі кестеде ала алады, – дейді баспасөз қызметіндегі мамандар.