СҚО-да 14 мыңнан астам адам жұмыссыз

Авторы: Qyzyljar News

СҚО статистика департаменті өңірдегі жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейі туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, өткен жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша 15 жастан асқан жұмыс күшінің саны 301,1 мың адамды құрады. Облыс экономикасында 286,6 мың адам еңбек етеді. Жұмыспен қамту деңгейі 66,7% құрады.

Жұмыспен қамтылған халықтың үштен бірі ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында еңбек етеді. Саудада 15%, білім беру саласында – 12% – дан астам, өнеркәсіпте-8% жұмыс істейді. Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санында жеке кәсіпкерлер 37,4 мың адамды құрады. Жалдамалы жұмысшылар саны — 214,9 мың адам.

Жұмыссыздар саны 14,5 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі-4,8%. Жұмыссыздар санындағы ерлердің үлесі 48,6% – ды немесе 7 мың адамды, әйелдер — 51,4% — ды құрады, бұл — 7,5 мың адам.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz