Татарстанның астанасы Қазан қаласында гір көтеру спортынан халықаралық жарыс өтті. Сайысқа ТМД елдерінен 14 пен 18 жас аралағындағы жасөспірімдер қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Байрақты бәсекеге Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан мен Қазақстан елдерінің спортшылары қатысуға ниет білдірді. Ел намысын өңір спортшылары да қорғады. Ұлдар арасында 58 килограмм дәрежесінде сынға түскен Шыңғыс Мұсайбек қола медальді еншіледі. Бұл салмақта қыздар арасында сайысқан Валентина Беседина да үшінші орынды қанағат тұтты.