Төрт тұрғын алаяқтың құрбаны болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдың төрт тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы жасанды шыршаларды сатқан алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД хабарлауынша, 41 жастағы қала тұрғыны интернет арқылы жасанды шыршаларды сатып алмақ болған. Әлеуметтік желіде өтініш қалдырып, алдын ала 54 мың теңгесін аударған. Өкінішке қарай, артынан тапсырысы келмей, сатушы байланысқа шықпай қойыпты. Алаяққа алданғанын түсінген ол бірден полицияға жүгінді.

– Дәл осындай жағдайға қаланың тағы үш тұрғыны тап болды. Олардың алаяқтардың құйтырқы әрекетіне алданып қалғаны белгілі. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, — дейді СҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлер қала тұрғындарына тексерілмеген интернет-дүкендерден тауарларды сатып алмауға және алдын-ала төлем жүргізуге болмайтынын ескертеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz