Кәсіп ашуға 30 млн. теңге бөлінді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Әлеуметтік аз қамтылған топтарға жатқызылған азаматтарды кәсіп ашуға ынталандыру мақсатында 28 адамға грант берілді. Оның жалпы сомасы 30 млн. теңгеден асты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

М.Жұмабаев ауданы әкімдігінің мәліметінше, жыл басынан бері ауыл тұрғындарына жан-жақты көмек көрсетілді. Биылдың өзінде ауданда жұмыссыз жүрген 1523 адам қызметке орналастырылды. Оның 658-і тұрақты жұмыспен қамтылды.

– 2023 жылдың басында ауданда 160 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланса, 11 айда бұл көрсеткішті 180-ге дейін жеткіздік. Әлжуаз топтарға жататындарға кәсіп бастауға гранттар берілді. Биыл Булаев қаласының тұрғыны Елена Агафоноваға мемлекеттен 1,3 млн. теңге қаржы беріліп, ол аудан орталығында шаштараз ашты, – дейді М.Жұмабаев ауданының әкімі Қайрат Омаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz