«Мегакам.Қорғау» құрылғысының көмегі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері «Мегакам.Қорғау» мобильдік қосымшасының көмегімен 2 мыңнан астам тәртіп бұзушыны тоқтатты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қаласының жол желісінің қарқынды учаскелерінде және облыстың бірнеше ауданында орнатылған аппараттық-бағдарламалық кешендер жол жүрісі қағидаларын елемеушілердің, тәртіп бұзушылардың нөмірлік белгілерін автоматты түрде тіркейді. Егер жүйе жүргізушіні өз бетінше анықтай алмаса, оны қосымшаның көмегімен іздеуге болады. Ол барлық патрульдік полиция экипаждарының планшеттерінде орнатылған.

«Мегакам.Қорғау» интеллектуалдық бейнекамераларының назарына түскен автокөліктердің ішінде қылмыстық көліктерді, басқару құқығынан айырылған жүргізушілерді, жалған мемлекеттік нөмірлерді, мерзімі өткен сақтандыру полисі мен техникалық тексеруі бар жүргізушілерді, айыппұл мен алимент төлемейтіндерді, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған жүргізушілерді және әкімшілік қадағалау бекітілген тұлғаларды анықтауға мүмкіндік береді.

– Өткен жылдың 16 қарашасында өңірде «Мегакам.Қорғау» қосымшасы арқылы жұмыс істейтін 28 жаңа аппараттық бағдарламалық кешен іске қосылды. Бір жыл бір ай ішінде полиция қызметкерлері қосымшаның көмегімен белгілі бір құқық бұзушылықтар үшін көлік құралдарын 2366 рет тоқтатқан. Олардың басым көпшілігі – борышкерлер. 78-і – міндетті сақтандыру полисінсіз көлік жүргізген жүргізушілер. 17 жүргізушінің көлік басқару құқығы болмаған, 9 жағдайда жүргізушілер басқару құқығынан айырылған, – дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz