Облысқа жұмыс сапарымен келген Көлік министрі Марат Қарабаев өңір тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жиында қалалықтар көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, тұщымды жауап ала алды. Тұрғындар Петропавлдан Астана мен Алматы қалаларына қатынайтын әуерейстерінен бөлек, басқа бағыттар бойынша ұшақтар ұшпайтынын алға тартты.
– Әзірге Петропавлдан өзге бағыттарға қатынайтын әуерейстері жоқ. Шымкент пен Түркістан қалаларына баратын азаматтар табылып жатса, ұсыныстарыңыз бойынша бұл мәселені міндетті түрде қарастыратын боламыз, — деді Марат Қарабаев.
Министр жазғы уақытта әуе кестесіне «Петропавл – Түркістан» қалалары арасындағы қатынасты енгізуге болатынын айтты.