Өңірге жұмыс сапарымен келген Көлік министрі Петропавлдағы бірқатар нысандарды аралады. Марат Қарабаев облыс орталығындағы темір жол вокзалы мен сапаржайда болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Көлік министрі «Ресей» темір жолдары» АҚ-ның бастамасымен қолға алынған күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Естеріңізге салсақ, темір жол вокзалы үш жылдың ішінде жаңа кейіпке енді. Қазіргі күні вокзалда үш лифт және эскалатор жұмыс істеп тұр. Ғимараттың шатыры ауыстырылып, қасбеті, таблолар мен желдеткіш жүйесі толық жаңартылғанын атап өткен жөн. Бұл мақсатқа 3 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалды.
Министр қаладағы сапаржайға барып, онда жүргізілген жөндеу жұмыстарын көрді. Марат Қарабаев халықаралық әуежайдың тыныс-тіршілігін де назардан тыс қалдырған жоқ.