Қазақстан мектептерінде жоғары жылдамдықты интернет қашан қосылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Илон Масктың жоғары жылдамдықты интернеті Қазақстан мектептерінде қашан пайда болатынын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Қазір 10 мектеп сынақ ретінде Starlink-тің интернетіне қосылды.

— Осы аптада екі мың құрылғыны жеткізу және орнату туралы келісімге қол қойылды. Наурыз айының соңына дейін біз екі мың мектепті қосамыз. Жыл соңына дейін үлгермейміз, өйткені жабдықтар Америкада, қазір ол жолда, ол келгеннен кейін кедендік ресімдеу мен сертификаттаудан өтеді, содан кейін ғана мектептерге орнатуға жіберіледі, — дейді Бағдат Мусин.

Қазақстан Үкіметі «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын бекітті. ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz