«Amanat» партиясы депутатарының алғашқы форумы өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы Оқушылар сарайында «Amanat» партиясы депутатарының алғашқы форумы өтті. Шарада жиналғандар партияның сайлауалды бағдарламасының жол картасын жүзеге асыру мәселелерін, депутаттық фракцияларлың жұмысын талқылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жиынға барлық деңгейдегі депутаттар, ауылдық округтердің әкімдері, бастауыш партия ұйымдарының, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жиналды.

– Баршаңызды аймақ дамуындағы маңызды оқиға, бүгінгі форумның ашылуымен құттықтаймын. Бүгінгі жиында Мемлекет басшысы айқындаған реформаны іске асыру аясында маңызды мәселелер талқыланады. Тәуелсіздік жылдары өңірде көптеген түйткіл шешімін тауып, ауқымды істер жүзеге асырылды. Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша  өңірдегі маңызды салаларда өсім бар. Экономика, құрылыс, инвестиция тартуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді.  Өңір диқандары 3,7 млн. тонна астық жинады. Жыл басынан бері өңір экономикасына 382 млрд. теңге инвестиция құйылды. Ел Президенті өз сөзінде тұрғындардың мәселелері жергілікті деңгейде шешімін табу керек екенін айтты. Бұл ретте түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарының алар орны зор, — деді облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев.

Кейін партиядан бір мандаттық жүйе арқылы сайланған Мәжіліс депутаты Еркебұлан Мәмбетов сөз алып, төменгі палатада атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады. Мәжілістің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетіне мүше ол ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелердің  қалай шешіліп жатқанын сөз етті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz