СҚО әкімі өңір халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің бостандығын аңсаған ата-бабаларымыз бен отанымыздың еркіндігі үшін күрескен азаматтарды еске алып, тағзым ету – біздің ұлы парызымыз. Олардың еліне деген кіршіксіз махаббаты – өскелең ұрпаққа нағыз үлгі. Көк байрағы желбіреген, абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай. Әр отбасыға игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның дамуы жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!, — деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.