Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы Тәуелсіздік стеласы монументіне барып, зиялы қауым өкілдерімен гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Биыл Қазақстан тәуелсіздігіне – 32 жыл. Осы уақыт аралығында еліміз талай сынақтан сүрінбей өткені белгілі. Әлі күнге дейін халқымыздың есінде 1986 жыл. Егемендігіміз үшін жан пида еткен азаматтардың ерлігі халық жадында мәңгілікке сақталды. Бүгін Тәуелсіздік күні мерекесінде облыс әкімі Ғауез Торсанұлы азаттық жолында құрбан болған боздақтарды еске алып, рухтарына тағзым етті.