Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жылу-электр орталығына барды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов 2-ші жылу электр орталығының жұмысын тексеріп, «Севказэнерго» АҚ басшылығының есебін тыңдады. Жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтуде. Қазіргі уақытта 6 қазандық жұмыс істеп тұр, төртеуі резервте және біреуі жаңартылуда. Аязды күндері станцияда 10 қазандыққа дейін пайдаланылды. Көмір қоры жеткілікті, жеткізу кестеге сай жүргізілуде. Келесі жылы «Севказэнерго» инвестициялық жөндеу бағдарламасына 14,1 млрд. теңге бөледі. 2 қазандық, 3 турбоагрегат күрделі жөндеуден өтіп, жаңа мұржа салынбақ.