Айыртау ауданында сілеусін мал шаруашылығы кешенінің аумағында 44 қойды талап кеткен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға туралы хабарды учаскелік полиция қызметкері жеткізген.
— Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Тексеру барысында өлген жануарларда жыртқыш аң тістері мен тырнақтарының іздері бар екені анықталды. Белгілі болғандай, қойлардың көмейі жыртылған. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Серкешевтің айтуынша, 500-600 метр қашықтықтан сілеусін іздері табылған, — деп түсіндірді баспасөз қызметінің мамандары.
Жалпы материалдық шығын алдын ала шамамен 1 млн. теңгені құрайды.