Мамлютка қаласының үш тұрғыны 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Полицейлерге шабуыл жасаған өңір тұрғындары бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта Мамлют ауданының орталығы Мамлютка қаласының үш тұрғыны бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатыр. Биылғы жылдың наурыз айында мамлюттік үш тұрғын көппәтерлі үйдің ауласында спирттік сусындар ішіп отырған. Оларды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген екі учаскелік инспектор байқап қалады. Тәртіп сақшылары ер адамдардың бұл әрекеттері әкімшілік құқық бұзушылық екенін айтып ескерту жасаған. Олар полицейлердің ескертуін елемей жұдырық ала жүгірген.

Учаскелік полиция инспекторларының бірі ескерту жасап, табельдік пневматикалық қарудан аспанға оқ атуға мәжбүр болды. Тек осыдан кейін ғана бойларында алкоголь бар құқық бұзушылар тынышталды.

– Аталған факті бойынша 21, 28 және 39 жастағы үш күдікті ұсталды. Тергеу жұмыстары және соттың қарауы жарты жылға созылды. Қыркүйек айында оларға үкім шығарылды. Кінәлілердің үлкені 3 жыл 6 айға, басқа екеуі 3 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Тәжірибе көрсеткендей, билік өкіліне қатысты күш қолданудың әр дерегі спирттік ішімдік ішу салдарынан жасалады. Азаматтардан осындай құқық бұзушылықтар үшін заңмен көзделетін жауапкершілік туралы ұмытпауларын сұраймын, – дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Петр Климов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz