«Севказэнерго» АҚ-ға әкімшілік айыппұлдар салынды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыстық табиғи монополияларды реттеу департамент мамандары азаматтық және әкімшілік тұрғыда қаралған 33 іске қатысты. Бұл туралы өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ведомство басшысы Дамир Тоқтамысов мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО табиғи монополияларды реттеу департаментінің мәліметінше, облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін жолдаған талап арызын қарады. Нәтижесінде «Севказэнергосбыт» ЖШС 1249 тұрмыстық емес жылу энергиясын тұтынушыға жалпы сомасы 95 млн. 877 мың теңгеге қайта есептеу жүргізуге міндетті. Сонымен қатар тұрғын емес үй-жайлар (кеңсе, дүкен) орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлерде тұратын, жалпы үйдегі жылу есептегіші бар жылу энергиясын тұтынатын 29525 тұлғаға 33 млн. 206 мың теңге сомасында қайта есептеу жүргізуі тиіс.

– Сондай-ақ биыл департамент «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-на 2018-2020 жылдары инвестициялық бағдарламаны орындамағаны үшін жалпы сомасы 5 520 000 теңге әкімшілік айыппұл салды. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ сатып алу тәртібін сақтамағаны үшін 4 900 800 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды. Бекітілген тарифке сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша міндеттемені орындамағаны үшін департамент «Алпаш» ЖШС-не 588 892 теңге әкімшілік айыппұл салды. Бүгінгі таңда республикалық бюджетке оның 6 млн. теңгесі өндірілді, — дейді Дамир Тоқтамысов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz