Министрдің айтуынша, базалық зейнетақы төлемі ұлғайып келеді.
«Келесі жылдан бастап біз ең төменгі шекті тағы 5% көтереміз. Инфляция деңгейіне индекстеу жүзеге асырылады. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі үшін төленетін ынтымақты зейнетақы және 2024 жылғы 1 қаңтарда тағайындалған төлемдері бар барлық зейнеткерлерге индекстеу 7%, инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып жүргізіледі. Зейнетақының орташа мөлшері келесі жылы шамамен 130 мың теңге болады, — дейді Светлана Жақыпова.
Оның сөзінше, 2023 жылы қазақстандықтардың орташа зейнетақысы 120 мың теңге болған.