5 мыңнан астам балаға қызылшаға қарсы екпе егілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста қызылшамен ауырғандардың саны 200-ге жетті, оның 107-сы зертханалық жолмен расталды. Инфекцияны жұқтырғандардың басым бөлігі Петропавл тұрғындары, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша, Петропавлда 94 адам, Айыртау, Қызылжар, Мамлют және Мағжан Жұмабаев аудандарында екіден және Аққайың және Жамбыл аудандарында жекелеген жағдайлар тіркелген.

-14 жасқа дейінгі 40 бала ауырды, 15-19 жас аралығындағы 28 адам сырқаттанды. ҚР Ұлттық ұланы академиясында ауырғандар саны 47-ге жетті. Боркидегі Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжде 21 студентте қызылша анықталды, оның біреуі зертханалық расталды. Үш медицина қызметкері, мұғалім, әскери қызметші және зейнеткер жұқтырды.

Қызылшамен ауырғандардың 93% егілмеген, оның ішінде 22 жағдайда жеке сенімі бойынша бас тартқан, — дейді Арман Күшбасов.

Қазіргі уақытта облыста қызылшаға қарсы 7 мыңға жуық доза бар.

— Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау науқаны басталғалы 5380 балаға екпе егілді. Бұл бар жоспардың 20,5%.

Осы жылдың наурыз айынан бастап қызылшаға қарсы иммундауды толықтыру барысында бұрын вакцинацияланбаған, вакцинация мәртебесі белгісіз және бас тартқан 5239 адамның ішінен 18 жасқа дейінгі балалардың 2355 немесе 44,4% егілді, — дейді Арман Күшбасов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz