Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «СҚО-дағы бірлік пен келісімнен елдегі үйлесімділік пен ұлттық бірегейлікке дейін» атты семинар-практикумға қатысты. Шарада өңір басшысы Анатолий Башмаковқа «Алғыс» төсбелгісін табыстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жиынның тақырыбына облыстағы халық бірлігі арқау болды. Шара барысында өңір басшысы сөз сөйлеп, ұлтаралық татулық пен Ассамблеяның маңыздылығына тоқталды. Кейін Ғауез Торсанұлы Анатолий Башмаковқа ел бірлігін нығайтуға үлес қосқаны үшін «Алғыс» төсбелгісін табыс етті