СҚО-да 39 жоба жүзеге асырылып, 6 мың өңір тұрғыны жұмыспен қамтылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірде 2026 жылға дейін 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, облыста кәсіпкерлік саласын дамытуға айырықша көңіл бөлініп отыр. Бүгіндері 469 млрд. теңгені қамтитын 39 жоба мақұлданды. Олар жүзеге асырылса, өңірде 6 мыңға жуық азамат еңбекпен қамтылады.

– Биыл облыста 15 жоба іске асырылады. Олардың жалпы құны 56 млрд. теңгені құрап отыр. Нәтижесінде 1 мыңнан астам тұрғын жұмысқа орналасады. Жобалардың 5-уі жүзеге асса, 10-ы жыл соңына дейін ашылады. Сондай-ақ өндіріс және ауыл шаруашылығы саласындағы импортты азайту мақсатында жаңа зауыттар салынуда. «МаслоДел» компаниясы майэкстрациялық өндіріс ошағын тұрғыза бастады. Ол бір жылдың ішінде 370 мың тонна шикізатты өңдеп, дайын өнімнің 120 мың тоннасын шығармақ. Оның 80 пайызы экспортталады. «Рейманн» неміс компаниясы ауыл шаруашылығы техникасын шығарады, – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

СҚО әкімінің сөзінше, «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында құрастырылатын ауыл шаруашылығы техникасы шетелдік баламаларынан 27 пайызға арзан бағаға сатылатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz