Петропавлда волейболдан әйелдер командалары арасындағы ел біріншілігінің екінші туры басталды. Жергілікті «Қуаныш» клубы өскемендік «Алтаймен» ойнады, Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Екінші турдың бірінші кездесуінде жерлестеріміз жеңіске жетті. Бұл жолы «Қуаныш» қыздары «Алтай» клубымен ойнап, үш кезеңнің қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандықтар қарсыластарынан 3:0 есебімен басым түсті.
Келесі ойынды «Қуаныш» қыздары «Қарағанды» командасына қарсы өткізеді. Кездесу бүгін сағат 17:30-да «Қуаныш» спорт кешенінде ұйымдастырылады. Әзірге жерлестеріміз турнир кездесінде бірінші орында келе жатыр.