Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық кәсіпкерлер палатасында бизнес өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Жиында кәсіпкерлер өңірдегі бизнес ортаны жақсарту бойынша өз ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ жергілікті колледжде мамандар даярлау және дәрігерлердің біліктілігін арттыру курстарын өткізу, курорттық аймақта студенттер арасында туристік слет өткізу, облыс орталығында веложолдар салу, қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту және басқа да сұрақтар қаралды.
СҚО әкімі тиісті басқарма басшыларына барлық мәселелерді бақылауға алып, ұсыныстарды зерделеп, кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді тапсырдым.
— Мұндай кездесулер бизнес пен мемлекет арасында диалог орнатуға және дамудың ортақ векторын белгілеуге мүмкіндік береді, — деді облыс әкімі.