Кеше Петропавлдағы пәтерлердің бірінші өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Оқиға желтоқсанның 24-і жексенбі күні Қазақстан Конституциясы көшесінде орналасқан төртқабатты үйдің үшінші қабатында орын алды.
– Өрт оқиғасы орын алған жерге дереу құтқарушылар жіберіліп, 16 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Сондай-ақ қызыл жалыннан 7 тұрғын құтқарылды. От сағат 22:00-де ауыздықталды, — делінген СҚО ТЖД хабарламасында.
Өрт 6 шаршы метр аумақты шарпыды. Құтқарушылардың алдын-ала болжамы бойынша от сымдардың тұйықталуынан орын алды. Зардап шеккендер жоқ.