Мұғалімдер ұлттық спорт түрлерінен сынға түсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда мұғалімдер асық ату мен бес асықтан сынға түсті. «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық жобасы шеңберінде облыстық білім басқармасы педагогтер арасында жарыс ұйымдастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл алғаш рет мектеп ұжымдары бес асық пен асық атудан жарысып, өз араларында мықтыны анықтады. Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында өткен турнирге қаланың орта білім ордаларының мұғалімдері жиналды. Ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылға сайысқа 18 команда бақ сынауға ниет білдірді.

Жарыста мектептердің әкімшіліктерінен құралған командалар өз араларында үздікті анықтап, асық атудан Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы жеңімпаз атанды. Екінші орын Әл-Фараби лицейіне бұйырды. Үшінші сатыға Мамлют ауданына қарасты Ленин орта мектебі жайғасты. Мұғалімдер қатарынан да Абай атындағы орта білім ордасы жеңіске жетті. Екінші орынға Әлихан Бөкейхан атындағы №25 орта мектебі қол жеткізді.  Үздік үштікті Әл-Фараби лицейі қорытындылады. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға дипломдар мен кубоктар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz