«Құлагер» клубы «Сарыарқа» командасына жеңілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Құлагер» хоккей клубы өз мұз айдынында қарағандылық «Сарыарқа» командасына қарсы қарымта ойын өткізді. Бұл жолы жеңіс қонақтарға бұйырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Естеріңізге салсақ, бұған дейінгі бірінші кездесуде жерлестеріміз «Сарыарқа» клубын 5:1 есебімен жеңген болатын. Қарымта ойында солтүстікқазақстандық команда жеңілістің ащы дәмін татты.

Екінші ойынды да құлагерліктер шабуылдармен бастады. Алайда бұл жолы қонақтардың асығы алшысынан түсті. Бірінші кезеңде жерлестеріміз 2:0 есебімен алға шықты. «Құлагер» клубы сапында Никита Тарлецкий мен Никита Потапов көзге түсті. Кейін «Сарыарқа» ойыншылары бір нәтижелі соққы жасады. Оның авторы — Руслан Демин.

Екінші кезеңде «Сарыарқа» клубының хоккейшілері таразы басын теңестірді. Өкінішке қарай, өз мүмкіндіктерін мүлт жібермеген қарағандылықтар есепте алға шықты. Ал ойынның үшінші бөлімінде қонақтар тағы бір нәтижелі соққы жасап, кездесуді 2:4 есебімен қорытындылады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz