Облыс полицейлері пиротехникалық бұйымдарды сататын орындарды аралады. Рейд барысында отшашуларды саудалап отырғандардың ілеспе құжаттарын, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың болуын, сақтау мерзімдері мен шарттарын тексерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда сертификатталған пиротехниканы сататын екі ғана сату нүктесі бар. Олар К.Сүтішев көшесіндегі дүкен және М.Жұмабаев көшесіндегі сауда дүңгершегі. Басқа нүктелерде сертификатталмаған өнімдер саудалануда.
— Бүгінгі күні полицейлер 100 данадан астам сертификатталмаған пиротехникалық өнімді тәркіледі. Пиротехниканы пайдалану кезінде облыс тұрғындары мен қонақтарына барлық нұсқаулар мен қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауды ұсынамыз. Қолдан отшашуды іске қоспау, балаларды отқа жібермеу және мас күйіндегі адамдар тарапынан пиротехникамен жұмыс істеуді болдырмау маңызды, — дейді әкмшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.