ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында мұражай ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мұражай мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру мақсатында құрылды. Мәдени орын – мемлекеттік басқару академиясының филиалы мен СҚО мемлекеттік қызмет істері департаментінің бірлескен жобасы.
– Облыстық мемлекеттік мұрағат пен облыстық өлкетану мұражайы құнды жәдігерлермен бөлісті. Олардың қатарынан мемлекеттік қызметшілер пайдаланған алғашқы компьютерді, баспа машинкасын, шам, телефонын көруге болады — дейді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару мкадемиясы СҚО бойынша филиалының кабинет меңгерушісі Айгүл Жамантаева.
Мұражайда Академия филиалының қалыптасу және даму тарихын бейнелейтін фотосуреттер ұсынылған. Сондай-ақ, экспозицияларға ғылыми қызметті, жобаларды, спорттық және қоғамдық жұмыстарды қамтитын өмірдің барлық аспектілері кіреді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл тек бастамасы, уақыт өте келе мұражай жаңа экспонаттармен толықтырылады.