Волейболдан әйелдер командалары арасында ел біріншілігінің кезекті ойынын жерлестеріміз талдықорғандық «Жетісу» клубына қарсы ойнады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қуаныш» мен «Жетісу» командалары арасындағы кездесу 5 кезеңге созылды. Алғышқысында жерлестеріміз талдықорғандық ұжым 25:20 есебімен жол берсе, екінші бөлімде солтүстікқазақстандықтар қарсыластарынан 25:18 есебімен басым түсті.
Бұл ойында екі клуб та бір-біріне дес бермеуге тырысты. Үшінші кезеңде «Қуаныш» қыздары 25:22 есебімен алға шықса, төртінші бөлім талдықорғандықтар пайдасына шешілді. Шешуші кезеңде жеңіс солтүстікқазақстандық бұрымдыларға бұйырды. Нәтижесінде 3:2 есебі тіркелді.