Спортта үздік нәтиже көрсеткен білім бөлімдеріне сыйақы берілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери даярлық өңірлік оқу-әдістемелік орталығы жылды қорытындылады. Петропавлдағы Оқушылар сарайында білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жұлдызды жеңістер»  шарасы өтті, деп хабарлайды Qyzyljsrnews.kz тілшісі.

Биыл облыс оқушылары түрлі дәрежедегі спорт сайыстарына қатысып, 300-ден астам жүлдеге ие болды. Дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери даярлық өңірлік оқу-әдістемелік орталығының директоры Қанат Сәдуақасовтың айтуынша, теріскейде балалар мен студенттер арасында «Жастар», «Сұңқар» спартакиадалары өтіп, республикалық оқушылар гимназиядасында облыс құрамасы күміс жүлдегер атанды.

– Облыстың білім беру мекемелерінде 2000-ға жуық спорт секциясы жұмыс істейді. Оларға 30 мыңнан аса жасөспірім барады. Оған қоса өңіріміздің 475 мектебінде 800-ге жуық ұстаз спортты дамыту жолында қажырлы еңбек етіп келеді. Олар жаттықтырып жатқан оқушылар түрлі деңгейдегі спорттық сайыстарда топ жарып, жеңіс тұғырынан көрініп жүр, – дейді Қанат Сәдуақасов.

Жиын барысында   Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының білім бөлімдері спорттың дамуына үлес қосқан үздіктер   атанды. Оларға 500 000 теңгелік сертификаттар табысталды. Сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдары арасында М. Жұмабаев ауданының қосымша білім беру орталықтары мен Шал ақын ауданының балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубтары марапатталып, әрқайсысына 300 000 теңгеден ақшалай сыйақы берілді. Бұған қоса, «Үздік әдіскер», «Үздік студенттік команда – 2023», «Үздік команда – 2023», «Білім беру саласының үздік маманы – 2023», «Үздік бапкер – 2023» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz