«Дельфин» бассейінінде оқу-жаттығулар қаңтар айында басталады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Дельфин» олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдерге мамандандырылған спорт мектебінің жүзу бассейінінде спортшылар 2024 жылы жылы жаттыға бастайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биылғы жылдың желтоқсан айының ортасында бассейінді күрделі жөндеуден өткізіп, балалар игілігіне тапсыруға уәде берген мердігер сөзінде тұрмады. «Дельфин» спорт мектебінің директоры Бақыт Арықбаевтың сөзінше, жүзу орны қаңтарда ашылады.

– Бассейініміз жөнделді. Мердігер ұсақ-түйек жұмыстарды аяқтап, құбырларды іске қосады. Кейін бассейіннің ыдысына су толтырылады. Бұл 5 күннің ішінде атқарылатын жұмыс екенін атап өткен жөн. Су зарарсыздандырылады. Нысанымыз санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен қажетті құжаттарды алған соң ашылады. Балалардың оқу-жаттығуларын қаңтардың 15-не дейін жандандырамыз, — дейді Бақыт Арықбаев.

Бүгіндері олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебінде 380 бала жаттығады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz