Алдағы екі жылдың ішінде СҚО-да «Жайлы мектеп» жобасы аясында 4 орта білім ошағы салынады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жаңадан салынатын 4 мектепте 3 мыңға жуық бала білім алмақ. СҚО білім басқармасының бөлімі басшысы Бейбіт Ризановтың айтуынша, келер жылдың өзінде 2 білім ошағының құрылысы аяқталады.
– Биыл құрылысы басталған 2 мектепті 2024 жылы тапсыру жоспарланып отыр. Олар «Орман» және «Береке» шағынауданында бой көтермек. Бүгінгі таңда мектептегі орын тапшылығы 4 мыңға жуықтап отыр, — дейді Бейбіт Ризаханов.
Сондай-ақ «Жас өркен» мен «Копай» шағынаудандарында мектептер тұрғызу жоспарланып отыр.