Деректі фильмнің тұсаукесері өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда «Халық жауының ұрпағы» деректі фильмінің тұсауы кесілді. Шараға «Amanat» партиясы СҚОФ өкілдері, жергілікті атқарушы билік органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жиынға қатысқан «Amanat» партиясы СҚОФ филиалының атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов сөз сөлйеп, деректі фильмнің өскелең ұрпақ үшін маңыздылығына тоқталды.

– Деректі фильм 30-шы жылдары қуғынға ұшыраған жандар жайында сыр шертеді. Сол заманда жекелеген азаматтар ғана емес, тұтас халықтар қолдан жасалған ашаршылықтан құрбан болды. Мыңдаған адам мал-мүлкінен айырылып, қамауға алынды. Тарихи қателіктің қатпарлары әлі күнге дейін толығымен ашылған жоқ. Сол себепті 2020 жылдың соңында Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен саяси-қуғын сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Облыста өңірлік комиссиясының жұмыс тобы ауқымды істер атқарып жатыр, — деді Жеңіс Асанов.

whatsapp image 2023 12 29 at 09.53.55

Өңірімізде 20 жылдан бері «Память» қоғамдық қоры нәтижелі жұмыс атқарып жатыр. Оның төрағасы, облыстың құрметті азаматы, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен Болат Мағазұлы Сағындықовтың бұл бағыттағы жұмысқа сіңірген еңбегі өлшеусіз. Деректі фильмде зұлмат жылдары «халық жауы» атанған азамат жайлы толыққанды ақпарат берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz